Bugin
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Астанада отбасылық құндылықтарды насихаттауға арналған "TATULYQ" FEST фестивалі өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Аталмыш шарада жеке тұлғаны дамытуға, отбасындағы қарым-қатынасты нығайтуға және түрлі бағытта тәжірибе алмасуға арналған шаралар ұйымдастырылды. Шараға 300-ге жуық тұрғын қатысты. Олар үшін жанұя психологиясы, репродуктивті денсаулық, отбасылық жанжалдар және құқықтық сауаттылық жөнінде сарапшылармен кездесулер өтті.
Одан бөлек, ата-аналарға әлеуметтік мәселелерде көмек беру үшін осы алаңда үкіметтік емес ұйымдардың жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Шерхан Жұмабекұлы, "Сенімен болашақ" республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің төрағасы сөз сөйледі.
Әрбір ата-ана, қатысушы келу арқылы осы Үкіметтік емес ұйым алдына келіп, қызметтерін алып отыр. Мемлекеттік қызметтерден ЭЦП алуға және де Enbek.kz арқылы өдерінің еңбекке өтініш беру арқылы осындай қызметтерін алып отыр. Және де «Жолтап» бағдарламасынан қатысушылар алдын ала тегін оқыту жұмыстарына қатысып отыр. Халыққа әлеуметтік мәселелерде көмек беру үшін "Сенімен Болашақ" Астана қалалық филиалы РҚБ, "Астаналық әйелдер ақпараттық орталығы" ҚҚ, "Mama PRO" ҚҚ, "Daryndy Ana" ҚҰ, "Замандас21" ҚҚ, "Жария" ҚҚ, "Отандастар Қоры" КЕАҚ үкіметтік емес ұйымдарының жәрмеңкесі өтті.
Халыққа қызмет көрсету орталығы, Еңбек ұтқырлығы орталығы, "JOLTAP" жобасының мамандары қатысушыларға консультациялық кеңестер көрсетті. "TATULYQ FEST" іс-шарасы халық көп жиналатын ойын-сауық кешендерде тұрақты түрде өткізілетін болады,-деді.